Техникалардың жетіспеуінен өрт кезінде балконнан секірген тұрғын көз жұмды

686

Алматыда көпқабатты үйде болған өрт салдарынан әйел көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 тамызда сағат 17:10-да Алматы қалалық ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі дабыл белгісі бойынша Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, 54 үй мекен-жайына аттанған.


Оқиға орнына 6 минутта жеткен өрт сөндірушілер 16 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабаттағы пәтерлері ашық отқа оранғанын анықтады. Сондай-ақ 5 және 6-қабаттағы жеделсатының электр кабельдері де өртенген.  


"Сағат 18-00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қызыл жалын қамтыған аудан нақтылану үстінде. Жоғары қабаттардағы адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТЖД күшімен баспалдақ арқылы 250-ге жуық адам эвакуацияланды, үш тік саты мен үш автомат саты арқылы 40 адам құтқарылды"- деп хабарлады қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі.


Оқиға орнында қалалық ТЖД күштері мен құралдары сапынан 50 адам және 14 техника жұмыс істеді, оның ішінде 3 автосаты бар. 


Бүгінгі таңда өрт сөндіріліп, әйел адам алған жарақаттарынан көз жұмса, 43 тұрғын зардап шеккен. 


“Көпқабатты үйдегі өрт бойынша 23 жедел жәрдем, соның ішінде 5 жансақтау бригадасы жұмылдырылды. Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр, тағы төртеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты”, – делінген хабарламада. 


12 ересек адам қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді, соның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылған. Басқалары қажетті жедел медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді. Өрттен зардап шеккен қалған адамдардың жағдайы тұрақты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.