Қызылордада «Құқық бұзушылықсыз әскер» айлығы өтті

1 057
Қызылорда гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің бастамасымен Арал қаласы 10216-Ж әскери бөлімінің барлық санаттағы әскери қызметшілерінің қатысуымен қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
 



Әскери бөлімдегі «Өміріңді сақта» ведомствоаралық бағдарлама аясындағы «Құқық бұзушылықсыз әскер» айлығы Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Бақтияр Дәуренқұловтың басшылығымен өтті. Сонымен қатар, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әскерлер қызметі жөніндегі офицері аға лейтенант Шахмұрат Ршауов қатысушыларға қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, тәуліктік кезекшілікті атқару кезіндегі талаптарды сақтау бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары туралы баяндады.

Іс-шараның мақсаты – әскери қызметшілер мен отбасы мүшелерінің арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, жалпы құқықтық негіздерді түсіндіру.

Қарулы күштерде барлық тақырыптарды қамтитын онкүндіктерге ерекше назар аударылуда. Қызылорда гарнизонында да әскери қызметшілердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мен құқықтық танымдарын жетілдіру мақсатында жоспарланған айлықтар мен онкүндіктер өткізіліп келеді және өз нәтижелерін беруде. Осы кездесу барысында жеке құрамға кез-келген құқық бұзушылықтың салдары үлкен қылмысқа әкеліп соғатыны да жеткізілді, - дейді әділет капитаны Бақтияр Дәуренқұлов.

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің офицерлері аймақтағы әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамымен жоспарлы бағдарламалар негізінде көптеген іс-шаралар өткізіп келеді.
 


Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.