Жедел жәрдем көліктері 86 пайызға тозған
Қазақстанда пациенттердің шақыртуларына шығып жүрген 2,5 мыңға жуық жедел жәрдем машинасы 60,4 пайызға ескірген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Кейбір облыстарда санитарлық көліктердің тозу деңгейі 90 пайызға жуықтайды.
ДСМ ақпаратынша, қазір елімізде Жедел медициналық жәрдем станциялар (ЖМЖС) балансында 2 418 автокөлік бар, оның 1 531-і – қалада, ал 887-сі – ауылда. Осы автокөліктердің 2 115-сі, яғни 87,5 пайызы жүріп тұр.
Жалпы санитарлық автокөліктер үш классқа бөлінеді:
«А» класы – шұғыл емес шақыртуларға шығады, қазір елімізде осындай 420 автокөлік бар;
«В» класы – емдеу шараларын жүргізу қажет болғанда, жедел жәрдем көліктерінің ең көбі – 1 320 осы санатқа жатады;
«С» класы – жағдайы ауыр науқастарға арналған, республика бойынша мұндай 680 реанимобиль жұмыс істейді.
Ведомствоның ақпаратынша, жедел жәрдем көліктері жылына 120 мың шақырым жол жүретіндіктен, үш-төрт жыл ішінде тозып кетеді. Бүгінгі күні әбден ескірген 339 санитарлық автокөлік есептен шығарылуға тиіс.
Денсаулық сақтау министрлігі ескі көліктерді жаңарту үшін 2025-2028 жылдар аралығында 2 118 машина сатып алуды жоспарлап отыр. Жедел жәрдем көлігінің орташа бағасы 29 млн теңгеден 48 млн теңгеге дейін барады:
А класы көлігінің орташа құны – 29 550 000 теңге;
В класы – 36 400 000 теңге;
С класы – 48 000 000 теңге.