Бүгін Қызылорда өңірінде 6 ауылдық округтің әкімі сайланады

1 528

Бүгін Қызылорда өңірінің 3 ауданында 6 ауылдық округтің әкімі сайланады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сайлау науқаны Қазалы ауданының Майдакөл және Сарбұлақ ауылдық округінде, Сырдария ауданының Қоғалыкөл және Жетікөл, Шиелі ауданының Иіркөл және Майлытоғай ауылдық округтерінде өткізілуде.

6 округте 6296 сайлаушы дауыс беруге құқылы. 

Әрбір сайлау науқанына ерекше белсенділікпен келетін ауыл ақсақалдары, бірліктің үлгісін көрсететін көше тұрғындары және жас сайлаушылар жексенбілік демалыста дауыс беру учаскелеріне келіп, таңдау жасауда. 

Сайлау күні дала академигі атанған даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың баласы зейнеткер Сейітбек Жақай 279 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. 

"Қай істе болмасын бірлік керек. Ауылдың гүлденуі, халықтың бақуатты тіршілік етуі өзіміздің бірлігімізге байланысты. Ауылды азаматтар көтереді. Бүгін, міне, туған жеріміздің дамуына үлес қосатын ауыл әкімін сайлау үшін келдік. Елге жаны ашитын, халыққа қызмет ететін әкімді таңдаймыз. Бұл - үлкен жауапкершілік",-дейді қарт сайлаушы.  


Дауыс беру күні дүниеге келген азаматтар да қалыс қалмады. Сондай-ақ, шаруа қожалықтарының басшылары жұмысшыларымен бірге маңызды күнде дауыс беруге атсалысты.

6 округ бойынша 18 кандидат тіркеліп, сайлау бюлеттеніне енгізілді. Оның 3-і саяси партия атынан, 15-і өзін-өзі ұсыну тәртібімен сайлауға түсуде.

Айта кету қажет, дауыс беру кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.