Мешіт қызметкерлері Тоқаевтан мектепте орамал тағуға рұқсат беруін сұрады
Атырауда мешіт қызметкерлері мектепке орамалмен бару мәселесін қозғап, Тоқаевқа бейнеүндеу жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі kun.kz сайтына сілтеме жасап.
Бейнеүндеуде олар қыздары мен қарындастарының мектепке орамал тағып баруына рұқсат сұрады.
"Мақат ауданы мешіті жамағаты ата заңымызды кепіл ете отырып осы бейне үндеу өтінішімізді ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа жолдаймыз. Құрметті президент тәуелсіз еліміз қазақ елінде қарындастарымыз бен қыздарымыз ата-бабамыздан келе жатқан асыл дінімізде парыз болған орамалмен білім-ордасына емін-еркін кіріп білім ала алмауда. Мектеп қабырғасы асыл дінімізді жат көріп ашық күреске шықты. Мұсылман қауымының уайымы болған осы мәселені заң аясында шешіп беруіңізді сұраймыз", - дейді мешіт қызметкерлері.