«ҚЫЛМЫССЫЗ ӨҢІР-КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ» жобасы аясында атқарылып жатқан шаралардың барысы
Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Кәрімұлы Ожаровтың бастамасымен “Қылмыссыз өңір-кемел келешек кепілі” және жергілікті құзырлы органдардың басшыларымен бірлескен түрде бекітілген “Жол Картасы” жобалары негізінде 23.09.2024ж. аудан прокуратурасының үйлестіруімен аудан әкімдігінің, аудандық полиция бөлімі және аудандық білім бөлімі қызметкерлерімен бірлескен түрде Жаңадария ауылындағы Жалағаш аудандық білім бөліміне қарасты “№203 орта мектебінде” мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында кәмелетке толмаған балалардың сабаққа қалу деректері,түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүру және ерте жүктілік,кәмелеткер толмағандар арасында суицид деректері,топтық төбелестер және «Қылмыссыз өңір-кемел келешек кепілі», «Буллингке жол жоқ», «Нашақорлыққа жол жоқ», «Лудомания», «Зорлық зомбылықсыз отбасы» жобалары тақырыптарында құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл бағыттағы құқықтық түсіндірме жұмыстары және профилактика барысында құқық бұзушылық деректерін анықтау жұмыстары өз жалғасын табатынын хабарлаймыз.
Ескертпе: Кодекстің 200-бабына сәйкес этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу дерегі анықталған жағдайда лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кодекстің 132-бабына сәйкес Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру дерегі анықталған жағдайда жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кодекстің 442-бабына сәйкес Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы немесе заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
Егерде бір жыл ішінде заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.