Ashyq қосымшасындағы "жасыл" мәртебе енді екпе алмағандарға беріледі

371
Ashyq қосымшасындағы "жасыл" мәртебе енді екпе алмағандарға да қолданылатын болды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі 

Бұл мәртебе барлық адамға бірдей қолданылмайды. Ол үшін қолыңызда вакциналаудан босатылды деген дәрігердің арнайы рұқсаты болуы тиіс.

 Карантин талабына сәйкес, екпе алмағандарға бұған дейін санаторий, фитнес-орталық, кинотеатр, сауда орындары сынды түрлі объектілерге кіруге тыйым салынған болатын. Енді бұл талап жеңілдетіліп, вакцина алмағандарға да кез келген объектіге еркін кіру мүмкіндігі берілетін болды. Тек тиісті медициналық талапты сақтауы шарт. Бірақ бұл азаматтарға мұндай мүмкіндік уақытша берілетіні де айтылды. 

"Ashyq қосымшасындағы "жасыл" мәртебе - кез келген азаматтың ПТР-тестілеуден өткенін, COVID-19 теріс нәтиже беретінін растайтын құжат. Сондықтан мұндай мәртебе екпе алмауға белгілі себебі бар азаматтарға берілгелі отыр. Бұл қолжетімділікті арттырады. Бірақ медициналық дәлелдемелердің мерзімі аяқталғаннан кейін олар міндетті түрде екпе алуы тиіс", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова.