Сенат депутаттары Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келді

1 534

Фото: Қазалы ауданы әкімдігіБүгін Қазақстан Республикасының Парламенті сенатының депутаттары Геннадий Шиповских пен Әлішер Сатыбалдиев Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сенат депутаттары аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбетпен бірге ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары мен бірқатар әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты. Сондай-ақ тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.


Халық қалаулылары алдымен Әйтеке би кентіндегі халықтың әлеуметтік осал топтары үшін салынып жатқан 154 пәтерлі 77 үйдің құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Бүгінгі таңда тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Айта кетейік, былтыр ғана осы жерден 50 отбасыға жаңа баспананың кілті табысталған болатын.

Сенат депуаттары мұнан соң Абай ауылына жүргізіліп жатқан орамішілік газ желісі құрылысы мен былтыр ғана пайдалануға берілген жаңа амбулаторияның жұмысын көрді. Бүгінгі таңда газ құрылысы жұмыстарының 85% толығымен атқарылды. Жуық арада абайлықтар көгілдір отынның иігілігін көрмек.


Сонымен қатар Жанқожа батыр ауылындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 300 орындық мектеп құрылысымен де танысты. Бүгінде білім ордасының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бірінші, екінші қабатының кірпішін өру жұмыстары толықтай аяқталып, электр желілерін жүргізу, қабырғаларын сылау жұмыстары жасалуда.


Айта кетейік, халық қалаулылары жұмыс сапары барысында Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы музейдің де жұмысымен танысты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.