Алматының әйгілі барахолкасынан тағы өрт шықты

448
Әлеуметтік желіде Алматыдағы барахолка базарында өрт шыққаны туралы ақпарат пайда болды . Қара түтіннің "Байсат" базарынан шыққаны көрсетілген. Сонымен бірге оқиға орнында бір топ өрт сөндірушінің жүргені де айтылған. 

Бұл жайтқа қатысты Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. ТЖД мәліметінше, 19 наурыз күні сағат 14:51-де Жетісу ауданы, Солтүстік айналма тас жолы 7, Байсат базарынан өрт шыққаны жайлы хабар түскен. 
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минуттан кейін келіп, бірнеше контейнердің жанып жатқанын анықтаған. 

Өрт сөндіру техникасына жол ашу үшін оқиға орнына "109" құтқару қызметінің эвакуаторлары жіберілген. Техниканың өтуіне жеке көліктер кедергі келтіреді. 
Өртке қарсы бағаналар жеткізілді, өртті сөндіруге арналған заттардың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта өрт сөндіру жалғасып жатыр.