«СУ ЖҮЙЕСІ» ЖҮЙЕГЕ КЕЛЕ МЕ?

1 488
Қызылордада өрт гидранттарының жарамсыздығы мен істен шыққандығының салдарынан өрт сөндірушілердің апат барысында  көмек беруі қиындап отыр,  - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Қаламыздың өрттен   қорғайтын құзырлы органдардың бірі Қызылорда қаласы  Төтенше жағдайлар басқармасының еңбегі орасан зор. Алайда айтып келмейтін апаттың салдарынан бүгінгі күнде жыл басынан бері 146 өрт апаты орын алып, оның ішінде 5 адам қаза тапқандығы да мәлім. Тілсіз жаумен күресудегі бүгінгінің майталмандары үшін өрт гидранттарының сақадай сай болуы тиіс. Алайда бүгінде қала бойынша өрт гидрантының 22%-дан астамы жарамсыз деп танылып отыр.  Осы орайда,  Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Жасұлан  Түйменов: «Өрт гидранттарының  талапқа сай болмауына байланысты қала әкімдігіне хат жолданды. Және де «Қызылорда су жүйесі»  МКК-ның жіті бақыламағандығының салдарынан  тексерілген   1416  өрт гидранттың  308 –і істен шығып отыр. Атап айтқанда, өрт гидранттарының орны жолмен көмкерілген, енді бірінде штоктың болмауы, сынуы және бұрауға келмеуі секілді. Осыған байланысты жауапты мекеме «Қызылорда су жүйесі»-не  Қазақстан Республикасының  Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңының 359-бабы бойынша айыппұл салынып, 2 ай уақыт ішінде қайта жөндеуге келуі талап етілген. Сонымен қатар, өрт гидранттары қайта қалпына келтірілмесе немесе жөнделмесе 462 бап (2) тармақ бойынша сотқа жүгінуге тура келеді»,-деп хабарлады.

Қыс мезгілі тұрғын үйлердің өрт қауіпі ушығатын мезгіл екендігін біле отыра «Қызылорда су жүйесі» МКК неліктен апаттың алдын алу шараларын қолдамай отыр? Өрт сөндірушілердің жұмысына кедергі келтірген мекеме қашанға дейін айыппұл төлеп сытылып жүре бермекші? Осы орайда мән жайды білу үшін мекемеге тиісті хат жолдаған болатынбыз? Десекте «Қызылорда су жүйесі» жауап беруден бас тартып, бәрін Қызылорда қалалық әкімшіліктің құзырына ысырып, сала берді.  Жауапкершіліктен бас ала қашуының сыры неде? 
 
 Шындығында 10 секундта 40 литр су бүркейтін өрт сөндіру машиналары апат барысында су тапшылығынан зардап шегіп отырған жоқ па? Қара халықтың су тұтынудағы  ақшасын  айыппұл төлеуге жұмсағанша, өрт гидранттарын реттеуге жұмсау керек емес пе?  Расында, жауаптан жалтару, шындықты  жасыру ма? Ауруын жасырған өледінің  кейпін киіп отырмасына кім кепіл? 308 жарамсыз гидранттың жөндеу жұмыстарынан гөрі, 50 АЕК айыппұл  төлеу, дәлірек айтқанда  салынған уақытында төленген айыппұл  25 АЕК яғни 72 925 теңге төлеген тиімдірек емес пе? Сұрақ көп оған жауап бергісі келетін «Қызылорда Су жүйесі» мекемесі болса қанекей?  Салғырттықтың салдарынан қара халыққа зияны тимесе болар... 
 
Алдағы келер қыс мезгілі өрт салдарын болдырмай аман-есен сәуір айына жеткізсін деп тілейік. Себебі «Қызылорда су жүйесі» мен сәуір айына дейін жөнделеді деп хаттама толтырған болатын.   Сәуір болмай, тәуір болмайтын мекеме үшін қыс өрт апатынсыз өтсе игі еді...  


редактор,
Айгерім  РАХЫМЖАНҚЫЗЫ