Қызылордада бизнеске қысым: 1300-ден астам тексерудің жартысы негізсіз болған
Жыл басынан бері Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасына 321 өтініш түскен. Олардың басым бөлігі мемлекеттік сатып алу, құрылыс, сәулет және ауыл шаруашылығы салаларындағы бизнестің құқықтарын қорғауға қатысты болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Өтініштердің 36%-ы оң шешімін тауып, кәсіпкерлердің 1,4 млрд теңге көлеміндегі мүліктік құқықтары қорғалды, деп хабарлады өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық.
Палата мамандарының талдауынша, 49 жағдайда мемлекеттік органдар кәсіпкерлерден заңда қаралмаған қосымша құжаттар сұратқан. Ал 47 арыз бойынша өтініштерге салғырт қаралған. Сондай-ақ өтініштердің 40%-ы кәсіпкерлердің заң талаптарын толық білмеуінен туындайды.
Жыл басынан бері өңірде кәсіпкерлік нысандарына 1 344 тексеру жүргізілген. Оның жартысынан астамы негізсіз болғаны анықталды.







