Он бір адамның бас сүйегі ескі үйдің астынан табылған

475
Орал қаласындағы ескі үйлердің астынан адамның бас сүйектері табылған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қазір полицейлер қаңқаның кімге тиесілі екенін анықтау үшін сүйектерді сараптамаға жіберді.

Адам сүйектері қаланың ескі бөлігінен шыққан. Оны ескі тиын іздеген қала тұрғыны тауып алыпты. Ол үйдің шатыры мен жертөлесінен былтыр да үш адамның сүйегі табылғанын айтады. Осындағы апаттық жағдайда тұрған ескі үйді сүріп тастап орнына жаңасын салайын деп жатқанда 11 бас және  323 дене сүйегі табылған. Тұрғындар бұл қаңқалар кісі қолынан өлген адамдардың сүйегі болуы мүмкін деген болжам айтуда. Алайда, мамандар қаланың ескі бөлігінде көне зираттар көп болған дейді. Кейін бәрін сүріп тастаған.



Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.

Аталған жерге жедел-тергеу тобы барып, оқиға болған жерді тексергенде адамның қаңқасын тауып, сот-медициналық сараптамаға жіберді. Сот-медициналық сараптамасының нәтижесіне қарай заңды іс жүргізу шешімі қабылданады, – деді БҚО ПД баспасөз қызметкер Лунара Аманғалиева.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.