Лауазымды тұлға амбулаторияны пайдалануға беру үшін 9 миллион пара алған
Қостанай облысында дәрігерлік амбулаториялар салуды жүзеге асыратын компанияның бас инженерінен пара алған лауазымды тұлға ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ол амбулаторияны пайдалануға беру құжатына тексерместен қол қойғаны үшін 9 миллион теңге сұраған. Денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі тергеуде.
Заңсыз сыйақы мөлшері көрсетілген объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1% тең. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қаз
Рус






