Батыс Қазақстанға Ресейден тасқынның екінші кезеңі келе жатыр
«Қазгидромет» мекемесі бас директорының орынбасары Серік Саиров Батыс Қазақстан облысына Ресей аумағынан тасқынның екінші кезеңі келе жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Үкімет кулуарында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген «Қазгидромет» өкілі Ақтөбе және Қостанай облыстарында тасқынның беті қайта бастағанын атап өтті. Оның сөзінше, алда Қостанай облысының орталық, батыс бөлігінде тасқын басталуы мүмкін. Сонымен қатар, батыс Қазақстан облысында екінші кезеңі басталады.
Сайыров «Қазгидромет» өкілдері Ресей мамандарымен күнделікті байланыста екенін, ақпарат күнделікті келіп жатқанын айтады.