Заңсыз жұмыс істеген қыздар мектебі 53 мың теңге айыппұлмен құтылып кетті

257
 
Атырауда рұқсатсыз жұмыс істеп келген ұлттық қыздар мектебі айыппұлмен шектелді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

"Атырау қалалық мамандандырылған соты  мектепті бар болғаны әкімшілік жазаға тартып, «Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз кәсіпкерлікпен немесе өзге де қызметпен айналысу» бабы бойынша 53 603 теңге айыппұл салды".

Атырау облысы білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасына сәйкес, «Қыздарға арналған Қазақ ұлттық мектебі» ЖШС 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 101 оқушыны қабылдап, өз жұмысын бастаған.

Айта кетелік, тек қана қыздарға арналған мектеп қоғамда үлкен дау тудырды. Кейбір басылымдар аталған мектептің діни бағытта білім беретінін айтқан болатын. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.