Автобус жүргізушісі жолаушыларды жол үстінде қалдырып кеткен

1 513

Фото: ©Ru.freepik.comАқтөбе – Хромтау бағытында қатынайтын автобус жүргізушісі жолаушылар мен олардың балаларын соңғы аялдамаға жеткізбей, далада түсіріп, өзі облыс орталығына қайтып кеткен Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Болған жағдайға жолаушылардың бірі шағымданған. 17- ші наурыз күні рейстік автобус жүргізушісі Хромтауға жетпей, соңғы аялдамаға шамамен бес шақырым қалғанда барлық жолаушыларды айдалада түсіріп кеткен. Олардың арасында кішкентай балалар да болған. Кейін өзі тұманды ауа райын сылтауратып, Ақтөбеге кетіп қалған. Тасымалдаушы компанияның өкілі жүргізуші бұл шешімді өз бетінше қабылдағанын айтып, оған қатысты тиісті шаралар қолданылған.

“Қыста және ерте көктемде Ақтөбе – Хромтау бағытында ауа райының қолайсыздығына (тұман, боран, көрінудің нашарлауы) байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер жиі енгізіледі. Кейбір жағдайларда автобус елді мекенге кіре алады, алайда кері шығуына тиісті қызметтер тарапынан уақытша тыйым салынуы мүмкін”, – деді “Qala trans” компаниясы директорының орынбасары Асқар Сабантаев.

Оның сөзінше, жолаушылардың арасында балалар болған жағдайда оларды елді мекеннен тыс жерде түсіріп кеткені дұрыс емес және тасымалдау қауіпсіздігі талаптарын бұзады.

“Бұл жағдайда жүргізушінің шешімді өз бетінше, басшылықпен келісусіз қабылдағаны анықталды. Мұндай әрекеттер ішкі нұсқаулықтар мен жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу болып саналады. Жүргізушіге қатысты тәртіптік шаралар қолданылады. Сондай-ақ барлық жүргізушілерге қосымша нұсқау беріліп, осындай жағдайлардың қабылданбайтыны және қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жолаушылардың қауіпсіздігі – ең бірінші орында және мұндай жағдайлар қайталанбауы тиіс”, – деп атап өтті “Qala trans” компаниясының орынбасары.