18 жасқа толған бала Ұлттық қордағы ақшасын қалай пайдалана алады?

1 256

Фото: nur.kzБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 18 жасқа толған жастардың жиналған қаржыны қалай алуға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Азамат қаражатты тек 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалана алады. Ол 18-ге толғаннан кейін қаражатын пайдалануға дайын болса, алдымен уәкілетті операторға хабарласуы керек. Одан кейін бала өз бетінше өтініш береді. Егер оған мүмкіндігі болмаса, мұны заңды өкілі істей алады.


Айта кетейік, қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін ғана үй сатып алуға немесе білім алуға пайдалана алады.


Қаражатты тұрғын үй немесе білім алуға пайдалану үшін «Отбасы банк» АҚ-ға жүгінуі керек. Білім алуға ғана пайдалану үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен байланысқа шығады.


Ал баланың «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасына қатысатынын тексеріп, оның ішінде жинақталған соманы www.kids.enpf.kz сайтынан көруге болады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.