Нұр-Сұлтанның сол жағалауында ірі өрт болды

345

Фото: видеодан скриншотНұр-Сұлтан қаласының сол жағалауында қураған ағаштар өртенді. Тілсіз жауды сөндіруге 30 адам қатысқан деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті Instagram парақшасында. 

Өрт сөндірушілер шақырту орнына 21:19-да аттанған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 30 адам, 6 техника, сондай-ақ қала әкімдігінің су шашатын 4 көлігі жұмылдырылған. 

Өртті сөндіруге қатты жел кедергі келтірген. Дегенмен тілсіз жау 22:16-да ауыздықталып, 23.03-де толық сөндірілген. 

Алдын ала ақпарат бойынша өрт 2 гектар аумақты шарпыған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.