Жатақханадан орын тимесе, студенттер қайда барады?
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 18 тамызда өткен Үкімет отырысында студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің мәліметінше, Алматыда жатақхана тапшылығы әлі де сақталып отыр. Қазіргі уақытта қалада 5176 орын жетіспейді. Студенттер баспана мәселесіне тап болған жағдайда оларды уақытша орналастыру үшін дағдарыс орталығы жұмыс істейді.
"Орталық М.Тынышпаев атындағы ALT University базасында ұйымдастырылған. Мұнда 50 орын қарастырылған. Өткен жылы дағдарыс орталығына 55 студент уақытша орналастырылып, кейін олар тұрақты жатақханаларға ауыстырылды", – деп түсіндірді Саясат Нұрбек.
Биыл Алматыда Халықаралық білім беру корпорациясының 339 орындық заманауи жатақханасы пайдалануға берілді.
Қазіргі уақытта тағы жеті жатақхананы пайдалануға беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін қосымша 11 жатақхананы іске қосу жоспарланған.
Қаз
Рус






