Нұр-Сұлтанда екі бала өзен суына батып кетті
376
Нұр-Сұлтанда екі бала өзенге батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, 29 мамыр күні сағат 12.50-де 112 пультіне Бейсеков көшесінің бойында көпір аймағында Есіл өзеніне екі баланың батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
"Жедел-құтқару жасағының бөлімшелері келгеннен кейін суға кіре берістегі жағажайда қалған заттарды визуалды тексеру жүргізіліп, іздестіру жұмыстары басталды. Сүңгуірлер тобы өзеннің түбін тексерді, ол жерден кәмелетке толмаған бір ер баланың денесі судан шығарылды, кейін бірнеше минуттан кейін екінші баланың денесі табылды. Полиция департаменті балалардың жеке басын анықтауда", – деп хабарлады елорданың Төтенше жағдайлар министрлігі.
Төтенше жағдайлар департаменті бұған дейін бұл өзеннің аумағында ақпараттық стенд, сондай-ақ бұл аумақта суға түсуге тыйым салатын белгілер орнатылғанын атап өтті.
"Құрметті ата-аналар, Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды қатаң түрде ұсынады! Балалармен қауіпсіздік ережелері туралы әңгімелесіңіз, әсіресе, жазғы демалыс кезінде. Бүгінгі таңда елордада үш ресми суға шомылуға рұқсат етілген: Орталық саябақ, "Три пескаря" демалыс орыны және "Столичный двор", – деп хабарлады баспасөз қызметі.