Ерекше образымен туған күнін тойлаған Жәния Джуринская сынға қалды

2 516

Танымал актриса, продюсер, блогер Жәния Джуринская туған күнін ерекше образда қарсы алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Актрисаның әріптестері жаңа жасымен құттықтаса, оқырмандары образын сынға алды. Күйеуі Данияр Хизметов қымбат білезік сыйлап, жүрекжарды тілегін жеткізді. 

“Менің өмірімде болғаныңа рақмет! Мен сенімен ғана отбасы құрғаныма бақыттымын! Өзіңмен жақсы қарым-қатынастамын. Біздің махаббатымыз көп адамға үлгі. Ең бастысы екеуіміз бақыттымыз және бір-бірімізді жақсы көреміз. Біздің бағытымыз бен жолымыз айқын. Дені сау балаларымыз бар”, – деп жазды блогер. 

Сондай-ақ актриса ерекше ашық-шашық образда фото жүктеп туған күнге тілек тыңдайтынын айтты. Алайда оқырмандары тілектен бұрын жағымсыз пікір жаудырды. 

“Қайын ата мен енеңнен ұялу деген жоқ”, “Киген киімің екеудің арасындағы құпияны жария еткенмен бірдей”, “Бұл тәрбие көрмегендіктің белгісі”, “Көшедегі қыздардың қылығы сияқты”, “Әке-шешесі қай беттерін ұстарын білмей отыр”, “Масқара, не пәле мынау” деген негатив пікір көп.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.