ЖИ әсерінен мыңдаған жұмыс орны қысқаруы мүмкін

1 531

Фото: © Baq.kz коллажыЖИ әсерінен 400 мың қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, бухгалтерлер мен заңгерлерге сұраныс азаюы ықтимал. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев Сенатта өткен брифингте жасанды интеллекттің жаппай енгізілуі Қазақстанның еңбек нарығына қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, бұл процесс енді ғана басталып жатыр.

Өздеріңіз білесіздер, бізде еңбек нарығына болжам жасайтын Еңбек ресурстарын дамыту орталығы бар. Олардың дерегіне сүйенсек, алдағы 10 жылда жасанды интеллекттің жаппай енгізілуіне байланысты кейбір жұмыс орындары қысқаруы мүмкін, – деп атап өтті вице-министр.

Айтуынша, бұл негізінен көмекші персоналға, бухгалтерлерге, заңгерлерге және адамның тікелей қатысуын қажет етпейтін мамандықтарға қатысты.

Осындай бағыттар бойынша шамамен 300-400 мың жұмыс орны есептелді. Біз бұл санды білеміз, сондықтан қазір адамдарды қайта оқытып жатырмыз. Жыл басынан бері 186 мың адамды басқа мамандықтарға қайта даярладық. Мұндай жұмыс барлық өңірде қатар жүргізіліп жатыр, – деді Ербол Тұяқбаев.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.