ХҚКО-да қызметкерлердің жұмысқа шықпау дерегі тіркелді

1 511

Фото:© Видеодан скринАқтаудағы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жұмысқа шықпай қойды , осылайша өз басшыларының жұмыстан шығарылуына наразылық білдірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына  сілтеме жасап.

Қызметкерлердің айтуынша, бір клиенттің шағымынан кейін басшыны қызметінен алып тастаған. Халыққа қызмет көрсету орталығына келген қала тұрғындарына ешкім қызмет көрсетпеген.  Бастапқыда ешкім не болып жатқыны түсінбеген.  Олар бөлім басшысының жұмыстан шығарылуын әділетсіз деп санайтынын мәлімдеген. Филиал әкімшілігі мамандардың шынымен жұмысқа шықпағанын растаған. Дегенмен олармен түсіндіру жұмысы жүргізіліп, қызметкерлер өз міндеттеріне оралған. Басшының қайта тағайындалғаны немесе тағайындалмағаны белгісіз.


“Филиал басшылығы оқиға орнына барып, қызметкерлермен түсіндіру жұмысын жүргізді. Сағат 10:45 шамасында қызметкерлер жұмыс орындарына оралды, азаматтарға қызмет көрсетіліп жатыр. Қазір бөлім штаттық режимде жұмыс істеп жатыр”, – деді Маңғыстау облысы бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Айбек Мұзбаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.