Елде қорғасынды интернет арқылы құйып емдейтіндер артты
Әлеуметтік желіде “қашықтан емдеймін” деген жарнамадан көз сүрінеді. Тараздық емші Мирай Нұсқабаева бұл іспен 20 жылдан бері адамдарды қашықтан тіл көзден сақтап, жолын ашумен айналысады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Емші қазір офлайн да, онлайн да ем жүргізеді. Сөзінше, алғашында туыстарын қашықтан емдеп көрген. Кейін ауыр науқастар өздері іздеп, хабарласқан.
Емші онлайн тәсілдің де нәтижесі бар дейді. Алайда тұрғындардың бәрі бірдей бұған сене бермейді.
Діни басқарма өкілдері қазақта қорғасын құю дәстүрі болғанын жоққа шығармайды. Бірақ интернет арқылы “жол ашу”, “бойды тазалау” секілді әрекеттер шариғатқа сай емес дейді.
Этнографтардың айтуынша, қорғасын құю – ежелгі ғұрып дейді. Негізгі мақсаты – шошынған баланың қорқынышын басу болған.
“Көз тию мен суық тию ғой. Қалың киініп жүріп, сосын қамшымен дем салу арасында кейде жауырын қарау элементтері кездеседі. Ол қорғасын құйған кездегі құйылған қорғасынның бейнесін білдіреді. Содан қорқып, үркіп қалды деген тұжырымды білдіреді”, – дейді этнограф Жанболат Қазанбаев.
Тағы да оқыңыздар







