Министрлік әскердегі өлім-жітімнің алдын алатын бағдарлама әзірлеп жатыр

250

Қорғаныс министрлігі әскердегі өлім-жітімді болдырмау мен тәрбие жұмысы жүйесін жетілдіруге бағытталған «Өмірді сақта» атты ведомствоаралық бағдарлама дайындауды қолға алды, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Ulysmedia.kz


«Әскердегі өлім-жітімді азайту мақсатында күнделікті нұсқаулықтар, қауіпсіздік шаралары бойынша сабақтар, тәрбиелік және әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар сарбаздар арасында жеке және жасырын сауалнамалар жүргізіледі.
Одан бөлек құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жеке құраммен жұмыс істеудің заман талабына сай әдістері қолданылады. Оның ішінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясы мен кейс-стади әдісі бар. Ол жерде қателер мен олқылықтар бойынша нақты мысалдар келтіріліп, қаралады
», - делінген министрлік жауабында.

Сонымен қатар, әскери бөлімдерде ашық есік күні, сұрақ-жауап кеші, прокурор сағаты және көшпелі сот шарасы ұйымдастырылады.


Айта кетелік, соңғы кездері әскерде ажал құшатындар саны көбеюде. Әсіресе, маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбай қазасы ел ішінде үлкен резонанс тудырған болатын.