Егіз балалар вирус жұқтырды

388
Ақтөбеде барлығы 219 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Бір сыныпта білім алатын егіз балалар вирус жұқтырды. 218 класс карантинге жабылған деп хабарлайды «Opennews.kz»  ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, 1-14 қыркүйек күндері аралығында 219 оқушыдан COVID-19 анықтаған. Оның 165-і қалада болса, 54-і өзгесі аудандардан шыққан. Вирус жұқтырғандардың бәрі бақылауға алынды. Сыныптар карантинге жіберілді. Арнаулы орта оқу орындарында 31 студенттен вирус белгілері анықталған. Қазіргі кезде 29 топ карантинге жіберілді. "Сонымен бірге жоғары оқу орындарының студенттері арасында да вирус жұқтырғандар бар. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 7, ал С.Бәйішев университетінде 1 топ карантинге. Әр дерек бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Шектеу шараларын өрескел бұзу дерегі тіркелмеді", - деді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.