ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЗАР МАҢЫНАН ТАБЫЛҒАН ДӘРЕТКЕ ТОЛЫ ҚҰТЫЛАР ЖҰРТТЫҢ НАРАЗЫЛЫҒЫН ТУДЫРДЫ
Facebook әлеуметтік желісіне жүктелген сурет жұртшылық арасында қызу талқыға түсті. Жаңа базардың кәсіпкерлерімен ала жаздай арпалысып келеміз деген тазалық қызметкерлері бүгін 5 литрлік пластикалық ыдысқа құйылған кіші дәретті кәсіпкерлер тарапынан жасалған дейді.
Алайда билік қала сыртына био әжетхана салу үшін қыруар қаржыны сарп етуге әзір болса да. Халық көп шоғырланған орындарға қажет емес деп тапса керек, жергілікті әкімдік «базар әкімшілігі» жауапты деп қысқа қайыруды жөн санады.
Базар маңында орналасқан жақын жерде әжетхана жоқ. «Жаңа базар» ғимаратында бір әжетхана бар. Ал, жақын маңдағы ғимараттар мен базар ауласында отырған кәсіпкерлер үшін арасы алшақтау екені тағы бар. Біз бұл тұрғыда кәсіпкердің жасаған әрекетін құптағанымыз емес, жергілікті билік тарапынан тиісті шара қолданбауына алаңадаулымыз.
Әдетінше мәселемен емес, оны көтерген адаммен алысатын билік әлем-желіден жарияланған
Ал, желі қолданушылары
«Ұятсыздар мынау енді сорақылық»
«Масқара»,- деп жарыса жазуда.