Депутат Болат Назарбаевтың қызы басқарған компанияны тексеруді сұрады

1 540

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Бас прокурор Берік Асыловтан осы жоба бойынша «TOLAGAI-2050» ЖШС-қа қатысты тергеп-тексеру жүргізуді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Депутаттың мәліметінше, Қазақстан Республикасының аумақтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 50 шекара заставасын салу жоспарланған болатын деп жазды BAQ.KZ тілшісі. 2022 жылы 20 шекара заставасын салу бойынша жұмыстарды сатып алуға тендер жарияланды және 53 млрд теңге сомасына мердігерлік ұйымдар «Kapital construction» ЖШС-мен және «TOLAGAI-2050» ЖШС-мен жалпы шарттар жасалды.

Жасалған шартқа сәйкес «TOLAGAI-2050» ЖШС 40 млрд теңге сомасындағы 15 шекара заставасын салуға тиіс еді. Жұмысты орындау мерзімі 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Алайда жоғарыда көрсетілген шарт бойынша мерзім өрескел бұзылды. Бұдан басқа, жүргізілетін жұмыстардың сапасына шағымдар түсіп жатыр. Қолда бар ақпарат бойынша биыл 1 қазанда «TOLAGAI-2050» ЖШС тек 13 млрд теңгені игерді, бұл шарттың жалпы сомасының 35%-ы игерілді деген сөз. Осы объектілер бойынша «TOLAGAI-2050» ЖШС шартты орындау мерзімін тағы 9 айға ұзартуды сұрайды, бұл жобаның айтарлықтай қымбаттауына алып келуі мүмкін, - дейді Сарым.

Депутат Бас прокурор Берік Асыловтан осы жоба бойынша «TOLAGAI-2050» ЖШС-қа қатысты тергеп-тексеру жүргізуді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қажетті шараларды қабылдауды сұрады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.