36 жастағы әйел терминалдан басқа адамның 940 мың теңгесін алып кеткен

540
Астанада терминалдан бөтен адамның 940 мың теңгесін ұрлаған 36 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Әйел қаладағы банкоматтардың біріне келгенде терминал алдында ірі көлемде ақша салған ер адам тұрған. Алайда операцияны орындау кезінде ер адамның ақшасы есепке алынбай, терминал ұяшығында қалып қойған. Ер адам көлігіне кеткенде күдікті әйел қабылданбаған 940 мың теңгені ұрлап алған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталған әйел өз кінәсін мойындады. Ақшаның бір бөлігін пайдаланып, өз кредитін жапқан, - делінген хабарламада.