Бес көлікке соқтығысқан жүргізуші дәрігерлер келгенше көз жұмған

1 516

Фото: Видеодан скринАлматыда көлік жүргізушісінің жүрек талмасы ұстап, жаппай жол апатына себеп болған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Көлік аялдаманың жанынан өтіп барып, соқтығысқан.

“Жүргізушінің денсаулығы күрт нашарлап, бір бағытта келе жатқан бес көлікпен соқтығысқан. Алдын ала деректерге және дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, өлім жедел жүрек жеткіліксіздігінен болған. Басқа зардап шеккендер жоқ”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Куәгерлердің айтуынша, көлік бірінші жеңіл автомобильдің біріне соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық басқа көлік тротуарға ұшып кеткен. Алайда марқұм жүргізушінің көлігі онымен тоқтамай, жолындағы көліктерге соқтыққан. Оладың ең соңғысы – автобус болған. Соққы салдарынан басқарусыз қалған көлік аялдамаға қарай ығысқанымен, биік бордюрге тіреліп, тоқтаған.

Марқұмның жасы 50-де. Ол дәрігерлер келгенге дейін көз жұмған. Басқа зардап шеккендер жоқ. Қазір полиция аталған дерек бойынша тергеу жұмыстарын бастады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.