Бір облыстың 7 полиция қызметкері жүргізушілерден пара алған

557

Алматыда жеті полиция қызметкері жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді жауапқа тартпай, олардан пара алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы мен облысы бойынша патрульдік полицияның 7 қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.


Ақпаратқа сүйенсек, олар бірнеше рет пара алды деп күдіктенуде. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алған.


“Сонымен қатар инспекторлар жолдарда іс жүзінде құқық бұзушылық жасамаған азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденген. Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды”, – делінген бейсенбіде тараған ақпаратта.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.