Кәмпит жеген тұрғын бір өлімнен аман қалды

1 514

Фото: Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіШымкентте дәрігерлер кәмпитке қақалып, тұншығып қала жаздаған 65 жастағы ер адамды құтқарып қалған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап. 

Мәліметке сәйкес, тәтті оның тыныс алу жолына түсіп, ірі бронхын толық бітеп тастаған. Салдарынан ер адамның тынысы санаулы секундтар ішінде қиындап, жағдайы күрт нашарлаған. Ол жедел түрде №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер дереу шұғыл шараларға кірісіп, арнайы құралдардың көмегімен кәмпитті тыныс жолынан алып шыққан.

"Дәрігерлер бөгде затты сәтті алып, науқастың тынысын қалпына келтірді. Тағы сәл кешіккенде жағдай қайғылы аяқталуы мүмкін еді", – деп хабарлады ведомство.

Көрсетілген медициналық көмектен кейін ер адамның жағдайы тұрақталып, ол ем қабылдап, ауруханадан шығарылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.