"Қазақмыс" кенішінде жұмысшы қаза тапты

1 523

"Қазақмыс" компаниясында 2023 жылы 26 желтоқсанда Ұлытау ауданындағы "Жыланды" кенішінде  қайғылы оқиға орын алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Сағат 18:30-да "Шығыс Сары-Оба" шахтасы учаскелерінің бірінде жерасты өздігінен жүретін машинаны жұмыс орнына алып бара жатып, жүргізуші абайсызда 1992 жылы туған жүргізушіні қағып кеткен. Нәтижесінде қызметкер ауыр дене жарақатын алып, қаза болды. Апаттың мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр", - делінген компания таратқан хабарламада.


"Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.