Коронавирусты емдеуге қанша уақыт кетеді: Отандық дәрігер жауабы
386
Алматыдағы орталық клиникалық аурухана директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова коронавирус жұқтырған науқасты емдеуге қанша уақыт кететінін айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дәрігердің айтуынша, бәрі аурудың ауырлығына байланысты, егер науқаста дерттің ауыр түрі болса, онда емдеу шарасы 10 күнен бір айға дейін жалғасады.
"Әдетте, науқастар 10-14 күн емделеді, бірақ жағдайы ауыр болса, бір айға дейін созылуы мүмкін. Шілде айында бізде короновирустың мутацияға ұшыраған түрі тіркелді. "Дельта" штамының клиникалық көрсеткіші мүлде басқа.
Егер біз наурыз айында ауырған науқастар мен қазіргі науқастарды салыстыратын болсақ, онда "дельтаның" ауыр өтетінін және ұзаққа созылатынын көреміз. Орташа ауырлықтағы науқастар шамамен 14 күн емделеді, бірақ ұзақ емделетін пациенттер де бар", - деп түсіндірді спикер.
Сонымен қатар, ол ауруханадан шыққан пациент 14 күн карантин режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағып, үнемі дәрігермен байланыста болуы керектігін айтты.
Еске салсақ, бұған дейін елордада өкпесі 100% зақымданған науқас жазылып шыққаны туралы жазған едік. 20 күн бойы реанимацияда болған Асхат Отызбаев дәрігерлердің арқасында дертінен айығып, үйіне шығарылды.
Дәрігерлердің айтуынша, Асхаттың жағдайының тым нашарлап кетуіне оның вакцина алмағаны себеп болған.