Қатты желден мектептің шатыры мұғалімнің үстіне құлаған
Түркістан облысы Кентау қаласында желден ұшқан мектеп шатырының бөлігі мұғалімнің басына түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Кентау қаласындағы желдің екпіні секундына 57 метрге жетті. Соның кесірінен тұрғын үйлердің, мемлекеттік мекемелердің шатырлары ұшып кетті.
Мектеп шатыры мұғалімнің үстіне құлаған. Тұрғынның миы шайқалып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы КТК арнасы мәлімдеді.
450 шаршы метрлік жергілікті поштаның темір төбесі екі бөлікке бөлінді. Біреуі аллеяға, екіншісі тротуарға құлады.
“Шықпауға тырысамыз. Қажет болса, тек базарға және азық-түлік дүкеніне барамыз. Ірі ғимараттардан аулақ жүруге тырысамыз. Балаларды үйден мүлдем шығармаймыз. Себебі қорқамыз”, – деді тұрғын Тұрар Омаров.
Бір жарым мың адам жарықсыз қалды. Политехникалық колледж жатақханасының шатыры жоғары вольтты электр желісін үзді. Ал ол жеке секторға құлады.
“Балалар үйде ұйықтап жатқан. Біреуіне тамақ беріп жатқам. Кенеттен қатты дауыс шықты! Шатырдың бір бөлігі үйге, екіншісі шатырға құлады. Терезелер сынды. Балалар қорыққаннанаулаға жүгірді. Ал ол жақта тіпті масқара”, – деді кентаулық Несібелі Хуанасова.
Бақытымызға орай, зардап шеккен оқушылар жоқ. Олар үйлеріне қайтты. Бірақ бұдан да қорқынышты дауылдар әлі алда дейді мамандар.
“Кеше желдің екпіні секундына 40 метрге жететіні туралы дауылды ескерту берілді. Бүгін желдің секундына 57 метрге жеткені туралы ақпарат алдық. Ертең секундына 61 метрге дейін жел соғады деп күтілуде. Ертеңге дайындалу қажет”, – деді Кентау қалалық ТЖ бөлімінің бастығы Серік Төлегенов.
Қаланың барлық мектептері мен балабақшалары қашықтан оқуға ауыстырылды. Коммуналдық қызметтер үйінділерді авральды режимде бөлшектейді. Залалды анықтау бойынша арнайы комиссия құрылды. Бірақ оның мамандары дауыл басылғаннан кейін ғана шығынды есептейді.