Қазақстанға тіркелу үшін жалған неке құруға дайынмын, құны 500 мың рубль

426
ТикТокта қазақстандықтар ресейліктерге уақытша тіркеліп, азаматтыққа рұқсат алу үшін олармен жалған неке қиюға ақша үшін дайын екені туралы бейне жариялауда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Әлеуметтік желілерде тараған бұл бейне жазбалар әзіл ретінде түсірілген. Көбісі өрімдей жас қыздар. Жастардың ақшаға құныққаны соншалық, ойларына келген бағаларын жазып шығаруда. 

Осыған орай желі қолданушылары түрлі пікір жазып, қыздарды жерден алып, жерге салуда. 


"Ар, намыс деген қалды ма сендерде?", "Бұндайлар оңбайды, аздырады елді", "Тағы үстіне 100 мың берсе, не істеуге дайынсыңдар?", "Қыздардың құтыратын уақыты келіпті ғой", "Неге аз, айфон 14 про макс алдырыңдар" ... - деп желі белсенділері пікір қалдырған. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.