4-сынып оқушыларына берілген үй тапсырмасы ата-аналардың наразылығын тудырды

2 011

4-сыныпқа арналған "Дүниетану" пәні бойынша берілген үй тапсырмасы ата-аналардың наразылығын тудырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқулықта отбасы бюджетіне сараптама жүргізу жайлы тапсырма берілген. Сондай-ақ ата-анасының шығындарын да есептеу керегі жазылған. 


"Салық комитеті балалар арқылы ата-анасының кірісі мен шығынын біліп алғысы келетін сияқты", – дейді жазба авторы. 


Сурет желіде тараған соң қазақстандықтар мұндай тапсырманың орынсыз екенін айтып, наразылықтарын білдірді. 


"Төртінші сынып оқушысы мұны қайдан білсін?", "1-сыныптың "Дүниетану" оқулығындағы 88-бетті ашыңдар. Ол жерде баладан ата-анасының қандай тәсілмен төлем жасайтынын сұраған: карта арқылы, мобильді аударым немесе қолма-қол ақша", "Ата-анасының несиесі, коммуналдық төлем есепшоты жайлы балалар қайдан білсін", – деп жазды желі қолданушылары.