Жол ережесі өзгерді: Полиция бағдаршамның сары түсіне қатысты ескерту жасады

1 636

Фото: Polisia.kzЕлорда полициясы бағдаршамның сары сигналына өтуге тыйым салу туралы ескертеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Polisia.kz сайты жазғандай, көбінесе жол-көлік оқиғалары бағдаршамның сары түсі жанып тұрған сәтте өту кезінде болады.


«Бұл ретте жүргізушілерге Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 5-тарауының 24-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бағдаршамның сары сигналы қозғалысқа тыйым салатынын, ал жыпылықтаған жасыл шам жақын арада тыйым салу сигналы шығатынын ескертеді», - делінген хабарламада.


Мұндай заңбұзушылықтарды бейнебақылау камералары автоматты түрде тіркейтін болады.


«Осыған байланысты жүргізушілерді жолда сақ болып, жол ережесін сақтауға шақырамыз. Мәселен, соңғы бір жылда 3 мыңнан аса оқиға тіркелді. Жол-көлік оқиғалары бағдаршамның тыйым салынған сигналына (қызыл, сары) өтуі, оның ішінде сары сигналына өткені үшін болған. Соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 246 адам жарақат алған. Жыл басынан бері 400-ге жуық жол апаты тіркелді», - делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.