1 қазаннан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

1 267

Фото: 3.pixel-brush.ruБиыл 1 қазаннан бастап Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы 20%-ға көтеріледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, елімізде 140 жолаушыларды тасымалдау бағыты бар. Келесі айда соның 62-сінің тарифі көтеріледі.

Билет құнын арттыру вагондар паркін жаңарту, көрсетілетін қызметтер сервисін жақсарту және қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін қажет. Соңғы 10 жылда әлеуметтік маңызы бағыттар бойынша билет құны қымбаттамағанын (инфляция деңгейіне индекстеуді қоспағанда) ескеру маңызды.

Қазақстанда 2 667 жолаушылар вагоны бар. Олардың 44%-ы тозған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.