Мемлекеттік қызметкер құмар ойындар ойнағаны үшін жұмыстан босатылды

1 510

Фото: ©pexels.comЖетісу облысында мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды, Opennews.kz ақпараттық агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекеттік органның қазіргі қызметкері заңмен белгіленген тыйымдарды елемей, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысып келгені анықталды", - делінген хабарламада.

Бұл заң бұзушылықты Ақсу ауданының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын талдау барысында анықтаған. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметші атқарып отырған лауазымынан босатылған.

Жетісу облысының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен әдеп нормаларын сақтау мемлекеттік қызметте болудың міндетті шарты екенін, ал оны бұзу жауапкершілік пен құқықтық бағалауға әкеп соғатынын айтты.