Бұрынғы Еңбек вице-министрін ұстау кезінде үйінен 192 миллион теңге табылған

2 354

Фото: gov.kzТергеу мәліметінше, кредиттік бюро басшылығы орталық басшыларына заңсыз сыйақы беріп келген.

Қаржы мониторинг агенттігі “Бірінші кредиттік бюро” мен “Еңбек ресурстарын дамыту орталығы” басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Тергеу мәліметінше, кредиттік бюро басшылығы орталық басшыларына заңсыз сыйақы беріп келген. 28 маусымда 75 мың доллар (39 миллион теңгеге жуық) көлемінде пара беру кезінде:

– Р. Омаров (кредиттік бюро басшысы)

– А. Сарбасов (орталық басшысы, бұрынғы вице-министр)

– Д. Арғандыков (бұрынғы басшы, бұрынғы вице-министр) ұсталды

Тінту кезінде 370 мың доллар (192 миллион теңге) мен 4,5 миллион теңге тәркіленді. 30 маусымда үшеуі де екі айға қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.