Интернатта білім алатын оқушы тамақтану кезінде көз жұмды

147

Семейдегі интернатта 13 жасар оқушы тамақтанып отқан жерінде есінен танып көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Оқиға бірнеше күн бұрын болған. Әлеуметтік желілерде интернаттың 13 жасар оқушысының өлімі туралы айтылған ақпарат пайда болды.


Абай аудандық білім басқармасы 7 сәуірде болған жағдайға қатысты түсініктеме берді. Деректерге сай 13 жасар оқушы түскі ас кезінде есін жоғалтқан. Дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылғанымен.Бала жедел жәрдем келгенше көз жұмған.


“Ол Семей қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясында 2016 жылғы 13 қаңтарда "Жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі" диагнозымен тіркелген”,- деді білім басқармасынан.


Ресми мәлімет бойынша, бала дүйсенбіден жұмаға дейін арнайы мектеп-интернатта тұрып, білім алған. Ал демалыс күндері ата-анасы оны үйіне алып кеткен.


Медициналық тексерудің қорытындысы бойынша өлім себебі тыныс алу жолдарында тамақ массасы тұрып бітелуіне байланысты механикалық асфиксия болған. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.