Енді көлік терезесінен қолын шығарғандарға айыппұл салынады

1 520

Фото: depositphotos.comҚазақстанда көлік терезесінен қолды сыртқа шығару — жүргізуші мен жолаушы үшін әкімшілік жауапкершілікке әкеледі,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ қозғалыс кезінде терезелер мен люктерден басқа да дене мүшелерін шығаруға тыйым салынады. Бұл заңды бұзған тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Қазақстанда терезеден дене мүшелерін шығаруға тыйым салатын заң 2011 жылдан бері қолданыста. 2025 жылғы 13 наурызда бұл талап күшейтілді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, көлік салонынан тыс жерде адам тасымалдағаны үшін жеке жауапкершілік белгіленді.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.