Батыс Қазақстанда тоңазытқыштың ішінен 5 жасар баланың денесі табылды

280

Фото: polisia.kzБатыс Қазақстан облысында тоңазытқыштың ішінен 5 жасар баланың денесі табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 8 тамызда Бәйтерек ауданындағы жеке үйдің ауласында болған. «Мир» маркалы тоңазытқыштан 5 жастағы баланың денесін анасы тапқан.
Әйелдің айтуынша, үш баласы көшеде ойнап жүрген. Бірақ кешке үйге екеуі ғана оралған. Мұны білген әйел бір сағат бойы аудан бойынша кіші ұлын іздеген. Кейін үйінің ауласына кіріп, ескі жұмыс істемейтін тоңазытқыштың ішінен бүлдіршіннің денесін тапқан. Анасы жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде баланың өлімін тіркеді.

«Тоңазытқышта есіктің металл тұтқасында орналасқан автоматты құлыптау жүйесі бар. Егер сіз есікті итерсеңіз, құлып жабылып қалады. Тоңазытқыштың сыртындағы тұтқаны тартпай, тоңазытқышты ішінен ашу мүмкін емес», – деді Полиция департаментінің өкілі Дариға Мәжитова.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.