Қала маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылған

1 511

фото:© lada.kzАқтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтау қаласының тұрғыны «Оймаша» оқу полигоны маңында саңырауқұлақ теруге барған кезде күдікті зат тауып алған. Ол оқ-дәріге ұқсас жарылмаған снаряд болуы мүмкін деген болжам бар.

Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына жедел түрде Қарулы күштердің инженерлік-саперлік тобы жіберілген. Мамандар аумақты толық тексеріп, табылған нысанды қауіпсіз жою шараларын жүргізген. Қазіргі таңда жағдай толық бақылауда, тұрғындар үшін ешқандай қауіп жоқ екені хабарланды.

Гарнизон өкілдері азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Мамандардың айтуынша, күдікті зат табылған жағдайда оған жақындауға, қол тигізуге немесе өз бетінше қандай да бір әрекет жасауға қатаң тыйым салынады. Мұндай жағдайларда бірден құқық қорғау органдарына немесе жедел қызметтерге хабар беру қажет.