Қызылордада ер адам көлігімен мұзға батып кетті

404
Қызылорда облысы Арал ауданында 60 жастағы ер азамат көлігімен мұзға батып кетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq-news.kz сайтына сілтеме жасап.



Қайғылы оқиға 10 қаңтар күні Арал ауданы Ақеспе елді мекенінде орын алды.  Төтенше жағдай қызметіне түскі 12 шамасында Шөмішкөл балық аулау учаскесінде Арал қаласының 1963 жылғы тұрғыны УАЗ автокөлігімен суға батып кеткендігі жөнінде хабарлама келіп түскен.

Іздестіру жұмыстарына Арал ауданы, Қамыстыбас елді мекеніндегі жедел-құтқару жасағы бөлімшесінен 4 құтқарушы, үрлемелі моторлы қайық пен және 3 жиынтық сүңгуір құрал-жабдықтарымен оқиға орнына жеткен.  Теңіз жағасынан шамамен 7 шақырым болатын оқиға орнындағы мұз қалыңдығы шамамен 35 см, ал су терендігі шамамен 14 метр екені анықталды.  Ауа райының қолайсыздығына байланысты Іздестіру жұмыстары 2023 жылдың 11 қаңтар күні басталды.

Құтқарушылардың кәсіби іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 14 метр тереңдіктен УАЗ автокөлігі табылды. Алайда су атындағы көлік ішінде адам болмады. Бүгін 12 қаңтар күні жедел құтқару жасағының сүңгуірлерінің тыңғылықты жұмыстарының нәтижесінде  оқиға орнынан 6 метр жерде су астындағы мұзға жабысып қалған 1963 жылғы азаматтың денесі 12 сағат 03 минутта табылды, – дейді Қызылорда Облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы.