Астанадағы автобус апаты

1 326

Фото: Pixabay.comАстанадағы автобус апатынан зардап шегушілердің бірінің жағдайы ауыр,-  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 10 адам алған жарақаттарына қарай әртүрлі қалалық стационарларға жеткізілді. Зардап шеккендердің екеуі ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығында жатыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі, - деп жауап берді ведомство редакцияның сауалына.

Ауыр жағдайдағы зардап шеккендердің біріне шұғыл операция жасалды.

Жедел жәрдем бригадалары жергілікті жерде жұмысын жалғастырып, көмек көрсеткен.

Кеше кешкісін Астанада Республика даңғылының бойында қала ішінде жүретін жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Автобус жүргізушісі маневр жасау кезінде рульді басқара алмай, бағанға соғылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.