Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер талқыланған мәжіліс өтті. Жиынға тиісті сала басшылары, балабақшалардың құрылтайшылары қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі құжаты – балабақша жарғысы. Жарғыда бекітілген жұмыс уақытының дұрыс рәсімделмеуі, бекітілген жұмыс кестесінің сақталмауы барлық балабақшада кездескен. Жарғыны қайта қарап, тиісті заңнама талаптарына сәйкестендіруді және орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын»,– деді Данияр Жаналинов.
Айта кету керек, аймақта 676 мектепке дейінгі ұйымда 50 079 бала тәрбиеленуде. Жалпы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 100%, ал 2–6 жас аралығындағылардың қамтылуы 92,6%.
Осы жылдың сәуір-маусым айлары аралығында қала және аудандық білім бөлімдері меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарға жоспарлы мониторинг жүргізді. Мониторинг нәтижесінде 91 балабақшада түрлі заңбұзушылықтар анықталып, соның негізінде оларға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тоқтатылды.