Ұлына алимент төлемеген әйел бас бостандығынан айырылды
1 110
Абай облысында баласына алимент төлемеген әйел бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
ІІМ-нің мәліметінше, Риддердің 31 жастағы тұрғыны сот үкімімен 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол төрт жыл бойы алимент төлемеген және ұлына шамамен үш млн теңге қарыз болған. Сотталған әйел пробация қызметінің берілген жазасын өтеуден жалтарып, есеп беруге келмей, тексеру кезінде тұрғылықты жері бойынша үйінде болмаған.
«Күйеуім екеуміз алкогольдік ішімдікке құмар болдық, сол үшін бізді ата-ана құқығынан айырды және пробация қызметінде есепте тұрғанда алимент төлеуге бізді сот шешімімен міндеттеді, істің бұлай насырға шабатынын, аяғы осындай болып кететінін түсінбедім, мен бұл үшін ештеңе болмайды деп ойлап, сот шешімін елемедім. Қазір менің ұлым 12 жаста, мен ол үшін жақсы ана болмағаныма өкінемін, оның алдында өзімді кінәлі сезінемін, ол мені кешіреді деп үміттенемін» деп бөлісті сотталған әйел.