Жалағаш жарқынды дамуда

1 268

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігіТамыры терең, тарихы кенен Жалағаш ауданы қазіргі уақытта қайнаған қызу жұмыстың, тынымсыз тірліктің, қарқынды құрылыстың ордасына айналып келеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Биылғы жылы еліміздегі экономикалық даму мен қалыптасқан саяси тұрақтылықтың арқасында аудан халқы үшін ірі серпінді жобалардың жүзеге асуымен ауданымызда толайым тірліктер атқарылуда.

Жалпы аудандағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында көптеген жобалар әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды.  Мемлекеттік бағдарламалар аясында ауданымызда жоспарланған ауқымды шаралар жүзеге асырылып, әлеуметтік-экономикалық даму бағытында жұмыстар атқарылып келеді.

Атқарылған жұмыстар негізінен әлеуметтік саланы дамытуға, әлеуметтік міндеттемелерді уақытылы орындауға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және аудан экономикасын әртараптандыруға бағытталған жұмыстар үзіліссіз жүргізіліп, нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасты.

Жалағаш ауданы барлық бағыттар бойынша өсу динамикасын жалғастырып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда негізгі әлеуметтік-экономикалық даму индикаторларына қол жеткізілді. 

2024 жылдың 6 айында ауданның экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасып, өнеркәсіп өнімінің көлемі – 144,8 пайызға, инвестициялар тарту – 120,1 пайызға , бөлшек сауда – 101,6 пайызға , ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 101,7,  пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 104,2, құрылыс жұмыстары – 132,6 пайызға орындалды.

2024 жылға бекітілген аудан бюджеті 12,5 млрд. теңге көлемінде қалыптасты. Оның ішінде, жергілікті кірістер болжамы 2,2 млрд. теңге, субвенция 4,1 млрд. теңге, трансферттер 4,3 млрд. теңге, бюджеттік кредиттер 1,6 млрд. теңге.

Өткен жылы 5,7 млрд теңгені құрайтын 38 жоба жүзеге асырылып, ел игілігіне пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен 31 жобаны іске асыруға 8,5 млрд. теңге бөлінді.

Оның ішінде, Ұлттық қордан 3,1 млрд. теңге, республикалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 3,6 млрд. теңге, аудандық бюджеттен 35,9 млн. теңге.

Сонымен қатар, бүгінгі күнге аудан бойынша жалпы құны 15,6 млрд. теңгені құрайтын 39 нысанның жоба-сметалық құжаттары дайындалып, республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландыру үшін тиісті салалық басқармаларға бюджеттік өтінім тапсырылды.

Бұдан бөлек, алдағы жылдары іске асыру жоспарланған 15 нысанның жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 215,8 млн. теңгеге жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша есепті кезеңге жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2949-ға жетіп, оның 2815 субъектісі немесе 95,4 пайызы нақты жұмыс жасап тұр. 

Ү.ж 6 айында кәсіпкерлік саласына қаржы институттары арқылы 2,3 млрд. теңге тартылып, 52 жоба қаржыландырылды. Қолдау шараларының негізінде 54 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, ауданда жеке кәсіпкер Еркебұлан Каиповтың жалпы құны 200 млн. теңгені құрайтын «Ботақан» балалар ойын сауық және сауда орталығы іске қосылды. 

Жеке кәсіпкер Ғазиз Исахановтың жалпы құны 250,0 млн. теңгені құрайтын 140 орындық «Жас қыран» бөбекжай бала-бақшасы пайдалануға берілді.

Биылғы жылы кент, ауылдық округтер арқылы «Ауыл аманаты» жобасына 318,3 млн. теңгені құрайтын 49 жобасы дайындалды. Үстіміздегі жылдың тамыз айынан бастап қаржыландыру жоспарлануда.

Өңірде өндірістік жобаларға да басымдық беріліп келеді. 

Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік - инновациялық жобаларды бірыңғай индустриаландыру картасына енгізілген Бірыңғай жалпыұлттық жобалар пулы аясында ауданда жалпы құны 500,0 млн.теңгені құрайтын жеке кәсіпкер Д.Ержановтың жеке қаражаты есебінен «Күріш ақтау және жем өндіру» зауыты жылдың соңына дейін іске қосу жоспарлануда.

Өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында жалпы құны 722 млн. теңгені құрайтын 2 жоба іске асырылады.

Біріншісі: «Таң ЛТД» ЖШС-нің жалпы құны 422,0 млн.теңгеге «Өндірістік база» цехының құрылысы. Цех мақсарыдан май, жүгеріден ұн және күріштен лапша өнімдерін шығаруды жоспарлауда. Жоба ағымдағы жылы толықтай іске қосылып, жаңадан 22 жұмыс орны құрылады.

Екіншісі: Жеке кәсіпкер Халық Серіктің жеке қаражаты есебінен жалпы құны 300,0 млн.теңгені құрайтын «AKNIET» құрылыс қоспаларын шығару цехы ағымдағы жылы іске қосылады. Цех құрылысқа қажетті 6 түрлі өнім шығаруды жоспарлауда. Жаңадан 6 жұмыс орны ашылады.